Синоптиктердің болжауынша, жұма күні еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел 17-22 м/с болады.
Түнде Павлодар, Қарағанды облстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі ықтимал, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің күші 15-20 м/с болады.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады.