«19 наурызда сағат 00.50-дегі жағдайға сәйкес, Абай облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қар, көрінудің шектелуі) «Алматы-Өскемен» тас жолының 685-967 шақырымында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді. Бұл Таскескен ауылынан – Қалбатау ауылына дейінгі аралық», - деп жазды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясынан.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында тасжолдың бір бөлігі жабылғанын жазғанбыз.