АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ақпанның 21-нен 22-не қараған түні метеожағдайға байланысты Алматы әуежайында бірқатар рейстер кешігіп ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен түні метеожағдайдың салдарынан Алматы халықаралық әуежайынан ұшатын және ұшып келетін бірқатар рейстер кешіккен.
«Өткен түні қолайсыз ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайынан Алматы-Сабиха Гокчен, Алматы-Шереметьево, Алматы-Ыстанбұл, Алматы-Үржар, Алматы- Минералды сулар, Алматы- Пхукет, Алматы-Астана, Алматы-Дубай рейстері кешігіп ұшты»,-деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.