Ауа райына байланысты Астана маңындағы автобус бағдарларының қозғалысы тоқтатылды
07:17, 22 Қаңтар 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» ЖШС-не сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысы жаңартылған кезде, халық міндетті түрде ақпараттандырылатын болады», - делінген хабарламада.