Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, аталған тасжолмен жүруге көліктің барлық түрлеріне рұқсат жоқ.
«4-қаңтар күні сағат 21.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тасжолының 1291-1426 шақырымындағы Астана-Теміртау бөлігі барлық автокөлік түрлеріне жабық», - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің 7 өңірінде 34 республикалық маңыздағы тасжол учаскесі жабық екенін жазған болатынбыз.