деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Естеріңізге сала кетейік, наурыздың өткен 8-і мен 9-ы күндері ШҚО-да қарлы боранның болуы себепті түрлі бағыттағы 6пойыз жүру кестелерін бұзуға мәжбүр болды.
Мәселен, Аягөз стансысында өткен дүйсенбі, наурыздың 8-і күнгі сағат 23.55-тен бастап «Павлодар-Алматы» бағытындағы №31-ші пойыз, наурыздың 9-ы таңғы сағат 7 жарымнан бастап «Новосібір-Алматы» бағытындағы №325-ші және осы күнгі 9.00-ден бері «Новосібір-Ташкент» бағытындағы №369-шы пойыздар тоқтап тұрды.
Сондай-ақ Ақтоғай стансысының 30-шы разъезінде наурыздың 8-і сағат 14.35-тен бастап «Защита-Алматы» бағытындағы №351-ші пойыздың қозғалысы шектелді.
Ал Ақтоғай стансысының өзінде наурыздың 8-і, кешкі сағат 21.40-тан бастап №352-ші «Алматы-Защита» және наурыздың 9-ы таңертеңгі сағат 11.00-ден бастап №312-ші «Қарағанды-Семей» бағыттарындағы пойыздар қозғалыстарын тоқтатты.
150 адамның, 8 техника мен қардан тазарту пойызының көмегімен болат жолдар тазаланғаннан кейін, наурыздың 9-ы 22 сағат 50 минут пен наурыздың 10-ы 02 сағат 50 минут аралығында пойыздар өз бағыттары бойынша қозғалыстарын жалғастырды.
Айта кетейік, төтенше оқиға салдарынан жолаушылар пойыздары кестелерінен бір тәуліктен астам уақытқа кешікті.