Ауа райына байланысты республикада бірқатар жолдар жабылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауа райын байланысты республикада бірқатар жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қарағанды облысында ауа райына байланысты (көктайғақ, қатты боран) сағат 15.45-те Қарағанды-Сарышаған учаскесіндегі «Алматы-Екатеринбор» қоғамдық автокөлік жолы жабылды.

Сонымен қатар Қостанай облысында да ауа райына байланысты (көктайғақ, қатты боран) сағат 19.00-де автокөліктің барлық түрі үшін Арқалық-Торғай» (0-288 шақырым), «Әулиекөл-Жалдама» (0-257 шақырым), «Петропавл-Жезқазған» (255-377 шақырым) жолдары жабылды.