Ауа райына байланысты Республикалық маңыздағы бірқатар жолдар жабылды

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат. Республикалық маңызы бар жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар аумақтарда жолдар жабылды,

деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Боран соғып, жолдың көрінуі нашарлауына байланысты 4 қаңтар күнгі сағат 15.00-ден бастап Алматы - Өскемен автожолының Үшарал - Достық учаскесінде барлық автокөліктерге жүруге тыйым салынды.

4 қаңтар күнгі сағат 16.00-ден бастап 5 қаңтар күнгі сағат 07.00-нің аралығында ауа температурасының -45 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бағытындағы Алматы - Өскемен автожолында жолаушылар тасымалындағы көліктер мен дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған автокөліктерге жүруге тыйым салынды.

4 қаңтар күнгі сағат 20.00-мен 5 қаңтар күнгі сағат 07.00-нің аралығында ауа температурасының төмендеуіне байланысты Екатеринбург - Алматы автожолында жолаушылар тасымалындағы көліктер мен дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған автокөліктерге, ал қалған жолдарда автокөліктердің барлық түрлеріне жүруге тыйым салынады.

Павлодар облысында 4 қаңтар күнгі сағат 16.00-мен 5 қаңтар күнгі сағат 07.00-нің аралығында ауа температурасының 33 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар барлық автожолдарында жолаушылар тасымалындағы көліктер мен дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған автокөліктердің жүруіне де тыйым салынды.

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруге шықпай, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы /7162/ 77-10-15

Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95