Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.
Атап айтқанда, Ақмола облысында қар, боран және жол көрінісінің шектеулігіне байланысты мына бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды:
«Астана-Петропавл» 18-232 шақ., «Астана қ. - Щучинск қ.» аралығында;
«Екатеринбор-Алматы» 856-1247 шақ., «Солтүстік Қазақстан обл.шекара - Астана қ.» аралығы;«Көкшетау-Омбы» а/ж 2-50 шақ. аралығында;
«Көкшетау қ.айналма жолы» а/ж 0-18 шақ. аралығында;
«Астана-Петропавл» а/ж 280-293 шақ., «17 бөлім-Көкшетау қ.»; 304-341 шақ., «Көкшетау қ.-Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы» аралықтары;
«Астана-Петропавл» а/ж 232-280 шақ., «Щучинск-Көкшетау қ.» аралығында;
«Көкшетау-Атбасар» 0-84 шақ.;
«Щучинск-Зеренді» 0-80 шақ.;
«Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж 16-205 шақ., «Астана қ.-Павлодар обл.шекарасы» аралығында;
«Көкшетау-Рузаевка» а/ж 0-61 шақ. аралығында;
«Макинск-Ақсу-Торғай» а/ж 0-120, 125-240 шақ.;
«Екатеринбор-Алматы» а/ж 1280-1353 шақ., «Астана қ.-Қарағанды обл.шекарасы» аралығында.
Ақтөбе облысы бойынша:
Қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін төмендегі бағыттағы жол қозғалысына шектеу қойылды:
28.02.2013 ж. сағат 12.30 бастап (Астана уақыты) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» а/ж 92-257 шақ., «Ембі-Шалқар аралығында».
Ал «Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай обл.шекарасы» а/ж 89-231 шақ., «Комсомол-Қостанай обл.шекарасы» аралығында қозғалыс қайта жанданды.
Қарағанды облысы бойынша:
Қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:
28.02.2013 ж. сағат 12.15 бастап «Екатеринбор-Алматы» а/ж 1353-1449 шақ., «Ақмола обл.шекарасы-Теміртау қ.» аралығында.
Қостанай облысы бойынша:
28.02.2013 ж. сағат 09.00 бастап қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін («Қостанай-Рудный» 5-45 шақ.аралығынан басқа) облыс бойынша барлық бағыттарда жол қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы бойынша:
Қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:
28.02.2013 ж сағат 15.40 бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж 205-259 шақ., «Ақмола обл.шекарасы-Шідерті» аралығында.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына тыйым салынды:
«Астана-Петропавл» 341-473 шақ., Ақмола обл.шекарасы-Петропавл аралығында;
«Екатеринбор-Алматы» 856-727 шақ., «Қостанай обл.шекарасы-Ақмола обл.шекарасы» аралығында;
«Көкшетау-Рузаевка» а/ж 61-196 шақ., «Ақмола обл.шекарасы-Рузаевка» аралығында;
«Көкшетау-Омбы» а/ж 50-280 шақ., «Ақмола обл.шекарасы-РФ шекарасы» аралығында;
"Жезқазған-Петропавл» а/ж 595-954 шақ., «Ақмола обл.шекарасы-Петропавл» аралығында.