21 ақпандағы сағат 22.36-дан бастап «Астана-Қарағанды» автожолы көліктің барлық түрі үшін жабық.
Сондай-ақ Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» арасындағы (0-68 шақырым); Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (0-258 шақырым), «Ақтөбе-Атырау» (178-330 шақырм), «Ақтөбе-Орск» (75-135), «Самара-Шымкент» (723-965 шақырым), «Ақтөбе-Астрахань» (95-176 шақырым), «Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай облысының шекарасы» (0-231 шақырым), «Ақтөбе-Мәртөк» (7-99 шақырым); Қостанай облысында «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» (82-174 шақырым) арасындағы; Павлодар облысында Шідерті кентінен Қарағанды облысына қарай жолдар бұрқасын көтеріліп, көрінім нашарлауы салдарынан автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.