Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты Алматы әуежайы бірқатар ұшақтарды қабылдамады

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Мәскеу-Алматы бағытындағы КС 985 және Ақтөбе-Алматы бағытындағы КС 864 рейстеріне қызмет көрсететін ұшақтар Қарағанды әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Осы себеппен Ақтау-Алматы бағытындағы КС 858 рейсі де Бішкекке жөнелтілді.

Алматы - Астана - Алматы бағытындағы KC 855/856 және KC 955/956 рейстері біріктіріліп, KC 955/956 рейсінің кестесімен жіберіледі. Бұл туралы «Эйр Астана» авиакомпаниясының баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.