Ауа-райының қолайсыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтіруде - ТЖД

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Құтқарушылар «Қарқара» альпинистер лагерінен шыға алмай отыр. Тауда тағы да қар жауып тұр. Бұл тұралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазавиаспас»мекемесінің МИ-171 борты мен әскери альпинистер тобы қазіргі уақытта «Қарқара» альпинистіклагерінде. Олар ауа-райының нашарлауына байланысты ұша алмайды. Тауларда тағы да қар жауып тұр.Біз рұқсатты күтеміз», - деп хабарлады комитет өкілдері.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастағанын мәлім етті.Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік етуде.

Соңғы жаңалықтар