Ақмола облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:
бүгін сағат 05.55 бастап "Астана-Петропавловск" а/ж 18-242 шақырымы, Астана қ-Щучинск қ. аралығында;
бүгін сағат 15.30-дан бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 856-1247 шақырымы, Астана қ- Солтүстік Қазақстан обл. аралығында;
бүгін сағат 15.30-дан бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1280-1353 шақырымы, Астана қ-Қарағанды обл. аралығында;
бүгін сағат 15.45-тен бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 16-205 шақырымы, Астана қ-Павлодар обл. аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Қарағанды облысында Ақмола облысындағы қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты бүгін сағат 16.30-дан бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1353-1369 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Осакаровка аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:
Қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты бүгін сағат 16.30-дан бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1369-1425 шақырымы, Осакаровка-Теміртау қ. аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:
Павлодар облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты бүгін сағат 16.00-ден бастап "Астана-Ерейментау-Шидерті" а/ж 205-259 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Шідерті аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты :
01.03.2013 ж. сағат 08.30-дан бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекара" а/ж 105-191 шақырымы, Риддер-РФ шекара аралығында;
бүгін сағат 12.00 бастап «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекара» 105-123 шақ, Риддер -РФ шекара аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.