Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын кейбір ұшақ рейстерінің уақыты кешіктірілуде
15:12, 27 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын кейбір ұшақ рейстерінің уақыты кешіктірілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана халықаралық әуежайының анықтама қызметінен мәлім етті.
«Ауа райының қолайсыздығына, ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты рейстер кестесі кешіктірілуде. Мәселен, Алматы бағытында қатынайтын ушақтардың ұшуы белгіленген мерзімінен сәл кешіктірілуде. Ал Оралдан ұшақ мерзімінен кеш шықты, қазіргі уақытта орта жолда. Мұнан бөлек, Атырау бағытында қатынайтын ұшақ та уақытынан кешірек ұшады», - деді анықтама қызметінен.