«4 ақпан күні елдің кей аймақтарындағы күрделі метеожағдайларға байланысты автожолдардың жабылуынан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1500 жолаушыны діттеген жеріне жеткізу мақсатында қосымша 40 вагон тіркеу шараларын қолданды», - делінген хабарламада. Ұлттық тасымалдаушының құрылымдық бөлімшелері және орталық аппараты күшейтілген режімде жұмыс істеуді жалғастыруда.
15:33, 05 Ақпан 2017
Ауа райының қолайсыздығынан 1500-ден астам жолаушы теміржол көлігімен жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 1500-ден астам жолаушы теміржол көлігімен тасымалданды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.