Жергілікті уақыт бойынша, 20 шілденің түнінен бастап, 15 рейстің ұшуы тоқтатылды. Оның көпшілігі ішкі рейстер болатын. Және осы уақыттан бастап 87 рейстің келуі тоқтады, оның да біразы ішкі рейстер еді. Тағы 6 рейстің мерзімі кейінге шегерілді.
Сәрсенбі күні Бейжің метеорологиялық басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты, қауіптіліктің «сары» деңгейін енгізгенін жариялады.