Атап айтқанда, 6 наурыз күні «Астана-Ерейментау-Шідерті»(Астана қ. - Павлодар облысына дейінгі 16-205 шақырым аралығындағы жол бөлігі) арасында көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.
7 наурыз күні ауа райының жайсыздығына байланысты «Астана - Қарағанды» автожолына шыға берісте көліктің барлық түрі үшін жолға шығуға рұқсат берілмеді.
Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай: мұнда «Астана-Ерейментау - Шідерті» (Шідертіден Ақмола облысына дейінгі 205-259 шақырымда) жолының участогы жабылды.
Қарағанды облысында соққан боран барлық бағытта көліктердің жолға шығуына тыйым салуға себеп болды. Сонымен бірге, 6 наурыз күні «Жезқазған-Петропавл» (Жездіден Қостанай облысына дейінгі 65-252 шақырымында) бағытында тәртіп сақшылары жолға шыққан көліктерді кері қайтарды. Ал 7 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты (көк тайғақ) «Алматы - Екатеринбург» (Қарағандыдан Балқашқа дейінгі 641-1007 шақырым) бағытында жол участогы жабылды.
Көктайғақ «Қызылорда - Павлодар» (Топардан Атасуға дейінгі 906-752 шақырым) жолында да көліктерге жолға шығуға мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге, «Алматы-Екатеринбург» (Теміртаудан Ақмола облысына дейінгі 1071-1142 шақырымы) бағытындағы участоктағы көлік қозғалысына рұқсат берілмеді.
Боран, бұрқасын мен көктайғақтың салдарынан «Екатеринбург-Алматы» (Астанадан Қарағанды облысының аумағына дейінші 1275-1353 шақырым) тас жолындағы белгіленген участокта көліктің барлық түрімен қозғалуға тыйым салынды. 7 наурыз күні «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының Астанадан Павлодар облысына дейінгі 16-205 шақырымында да барлық көлік құралдары үшін жол жабылды.