Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты екі өңірде ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ескерту жариялады.

11 тамызда таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының тауларында нөсер жауын жауады. Тәулік бойы кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді, екпіні 23-28 метр болады. 11 тамызда Қызылорда облысының кейбір өңірлерінде солтүстік, солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін.