Қазгидрометтің климат пен су мәселелерін зерттеу департаментінің директоры Пайызхан Қожахметов осындай мәлімдеме жасады.
«Біз соңғы жүз жылдың ішінде Қазақстандағы климаттың өзгеруін зерттеп шықтық. Шыны керек, жаһандық жылымықтың салдарынан еліміздегі климаттың жағдайы өзгеріп келеді. Мәселен, соңғы 30-40 жылдың ішінде ауа райы температурасының орташа көрсеткіші 1,5-2 градусқа көтерілді. Бұл - үлкен проблема. Себебі жаһандық температура тек 1 градусқа ғана өзгереді», - дейді П.Қожахметов. Оның айтуынша, ондай өзгерістердің негізгі себебі - адамның атмосфераға сан алуан парниктік газдарды шығарып, қоршаған ортаны ластап отыруы. Осының салдарынан солтүстік аймақтарда жылы ауа райы сақталып, оңтүстікте, керісінше, күн суытып тұр.