ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Орал-Атырау жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 14.00-ден бастап Орал-Атырау (189-372 шақырым, Чапаев-Атырау облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.
Қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласқан. Сондықтан БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тиісті органдар мен ұйымдарға, тұрғындарға хабарламалар жіберді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мал іздеуге шығып, адасып кеткендер құтқарылғанын жазған едік.
Өңірде күн сайын ауа райының нашарлайтыны жөнінде ескерту жарияланып келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).