Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
«Біз ауа райының қолайсыздығынан орын алған жағдайларды ғана санадық. Басқа статистика енгізілген жоқ», - деді құқық қорғау органдарының өкілі.
Оның айтуынша, жол апатынан 145 адам зардап шеккен, оның ішінде 25-сі ауыр жарақат алған. Материалдық залал 5,9 миллион еуроға бағаланып отыр.
Сонымен қатар, khabar.kz келтірген дерекке сүйенсек, ауа райының күрт нашарлауынан елдің батысында бірнеше әуежай жұмысын тоқтатты. Франкфурт және Дюссельдорфта әуе айлағы жабылды. Онда сенбі күні шамамен Еуропаның ішкі 100 рейсі тоқтатылған.