Ауа райының нашарлауынан 9 өңірде автожолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығынан: қалың қар мен желдің күшеюіне байланысты Астана қаласында, Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап.

Көлік құралдарының барлық түрлері үшін келесі аймақтарда қозғалыс шектелген:

Астана қаласында:

Республикалық маңызы бар «Астана қаласы – Қабанбай батыр кенті – Киевка – Теміртау (37 -51 км) автожолының «Қабан батыр кенті – Қарағанды облысының шекарасы».

«Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі.

«Астана – Ерейментау – Шідерті» (16-200 км) автожолының «Астана – Павлодар облысының шекарасы» учаскесі.

Ақмола облысында:

«Көкшетау-Атбасар» (48-184 км) автожолының «Зеренді ауылы – Атбасар қаласы» учаскесі.

«Щучинск-Зеренді» (0-77 км) автожолының «Щучье-Зеренді» учаскесі.

Алматы облысында:

«Сарыөзек-Көктал» автожолының 45-68 км аралығы (Алтын Емел асуы).

«Үшарал-Достық» (84-184 км) автожолының «Көктұма станциясы - Достық станциясы» учаскесі.

Шығыс Қазақстан облысында:

«Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» (105-123 км) автожолының «Шемонаиха қаласы – Ресей Федерациясының шекарасы» учаскесі.

«Омбы-Майқапшағай» (910-ыншы км) автожолының «Қалбатау – Боғаз ауылы» учаскесі.

Жамбыл облысында:

«Алматы-Ташкент-Термез» (534-593 км) автожолының «Айша-Бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы» учаскесі.

Қарағанды облысында:

«Екатеринбург-Алматы» (1492-2005 км) автожолының «Қарағанды – Жамбыл облысының шекарасы» учаскесі.

«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» (51-266 км) автожолының «Ақмола облысының шекарасы – Теміртау» учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» (762-906 км) автожолының «Атасу қаласы – Топар елді мекені» учаскесі.

«Жезқазған-Петропавл» (65-252 км) автожолының «Жезді ауылы – Қостанай облысының шекарасы» учаскесі.

Қостанай облысында:

«Жезқазған-Петропавл» (252-340 км) автожолының «Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық» учаскесі.

Түркістан облысында:

«Алматы-Ташкент-Термез» (593-652 км) автожолының «Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы» учаскесі.

«Қорғас - Алматы - Тараз - Шымкент – Ташкент» автожолы.

ҚХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолының 237-260 км учаскесі.

«Шолаққорған ауылы – Ащысай ауылы» жолы.

«Көксәйек-Нысанбек» жолы.

Абай облысында:

«Дмитриевка - Бородулиха - облыс шекарасы» автожолының 0-72 км аралығы.

«Мақаншы - Жалаңашкөл тасжолының 0-133 км аралығы.

«Өскемен – Семей» (10-198 км), «Өскемен-Алматы» (971- 1068 км аралығы, Қалбатау-Қасым Қайсенов кентіне бұрылыс), «Омск – Майқапшығай» (756-906 км) автожолдары.

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолы.

Еске салайық, синоптиктер 3 қаңтарда 13 өңірде ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерту жариялаған болатын.