«Ауа температурасының жылуы салдарынан қар берік ұсталып тұр, енді оны жел басқа жаққа аударып әкетпейді. "Қазгидрометтің" мәліметінше, ақпан айында қалың қар жаумайды», - деді Байболат Рахымжанов.
Сондай-ақ, бөлім басшысының айтуынша, қар жамылғысының биіктігі таза жерлерде - 20 см, ықтырмалы жерлерде 44 см. Дестелегіш қолданылған аймақтарда - 46 см. Қаңтар басындағы көрсеткішпен салыстырғанда қазір қардың биіктігі едәуір жоғары.
22:45, 24 Қаңтар 2017
Ауа райының жылы болуы егістіктегі жер құнарлылығына оң әсерін тигізуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауа райының жылуы егістіктегі жер құнарлылығына оң әсерін тигізуде. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығының механизация және өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы Байболат Рахымжанов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.