Ауа сапасы нашарлаған қалалар саны үш есе артты
05:35, 21 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 21 мамырда Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін үш мегаполисте ауа сапасы төмен болатыны айтылды.