Республиканың батыс, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандары арқылы атмосфералық ағымдардың өтуімен байланысты қар жауып, кейбір аудандарда тұман түседі. Батыста жекелеген жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Атырау, Шығыс Қазақстан, түнде - Маңғыстау облыстарында кейбір жерлерде секундына 15-22 метр екпінмен жел соғады, бірқатар аудандарда - тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Ақтөбе облысында - секундына 15-22 метрге жылдамдықпен жел соғады, жаяу бұрқасын жүреді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алдағы жақын тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде мұз қату процес үдей түсіп, су деңгейі мүмкін. Алматы облысының жекелеген өзендерінде 18-20 қаңтар күндері ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұз кептелісі болып, су деңгейі көтерілуі ықтимал. Соның салдарынан өзендер арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, 17-19 қаңтардағы түнде Қазақстан аймақтарында күрт күн суытады. Осылайша, 17-19 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы 28-33 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
17-19 қаңтардағы түнде Павлодар облысында ауаның температурасы 27-32, кейбір жерлерде 37 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтар түндерінде Ақмола, Қарағанды облыстарында ауаның температурасы 27-32, кейбір жерлерде 37 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
17-19 қаңтар күндері түнде Қостанай облысында ауаның температурасы 25-30, кейбір жерлерде 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында ауаның температурасы 32-37 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында ауаның температурасы 23-28 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Қызылорда, Алматы облыстарында ауаның температурасы кейбір жерлерде 23-28 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Жамбыл облысында ауаның температурасы кейбір жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Оңтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы кейбір жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.