Атырау облыстық экология департаментінен хабарлағандай, жыл басынан өңірде экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты 100-ден аса тексеріс жүргізілген. Соның нәтижесінде 248 бұзушылық анықталған. Зиянды қалдықтар шығарған кәсіпорындарға 196 әкімшілік айыппұл салынды. Қазақстанның экологиялық заңнамасын бұзған кәсіпорындардан бюджетке 13 млрд теңге өндірілді.
22:16, 31 Қазан 2018
Ауаны ластаған атыраулық кәсіпорындар 13 млрд теңге төледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жыл басынан бері атмосфераға зиянды қалдықтар шығарғаны үшін кәсіпорындар 13 млрд теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.