«Ғалымдар ауа ластануының кесірі үлкен екенін айтқан соң қала билігі осындай шешімге келген. Лондон мэрі Садик Хан ауа ластануының салдары сырт көзге байқалмайтынын, бірақ бұл жағдай қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай саналатынын айтты», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, ластанған ауадағы көзге көрінбейтін бөлшектер адам миына түсіп, денсаулығын қатты зақымдайды.
«Біріншіден, ауа ластануы астмаға алып келеді. Себебі ауадағы зиянды бөлшектер тыныс алу жолдарына түсіп, өкпені зақымдайды. Бөлшектер тіпті өкпеден бөлек миға да түсуі мүмкін. Сондай-ақ бронхит, эмфизема, өкпе рагы сияқты аурулардың пайда болуына да ауаның ластануы әсер етеді», деп жазады басылым.