Аудан әкімі мектеп түлектерімен кездесті

/strong>Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыдағы №175-ші "Жаңа ғасыр" мектеп-гимназияда Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев мектеп түлектерімен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанның болашағымыз» деген тақырыппен өткен кездесуге Әуезов ауданының АҚШ, Ресей, Чехия, Бразилия, Австрия және тағы да басқа мемлекеттерде өткен халықаралық, республикалық байқаулардың 64 жеңімпаз-түлектері мен аудандағы 34 мектептің басшылары қатысты. Дарынды түлектер кездесу барысында аудан әкіміне толғандырып жүрген сұрақтарын қоя отырып, ауданның көркеюі мен дамуына байланысты өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, олар «Ай астындағы әлем» атты қолдан жасалған туындыларын аудан әкіміне сыйға тартып, өз өнерлерін көрсетті. Аудан әкімі өз тарапынан барлық түлектерге естелік сыйлықтар беріп, ақ жол тіледі.

«Бүгін жастардың маған қойған сұрақтарының ішінде жазғы демалыс орнын, аула клубтарын, талантты балалардың басын қосатын ғылыми орталық ашу туралы ұсыныстары ой салды. Бұл сұрақтар жастарды мазаласа, қажеттілік туды деген сөз. Мен сондықтан, бұл мәселелерді көтеру жағын қарастырып, тапсырма беремін», деді Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев.

Әкімнің пікірінше, біздің болашағымыз сенімді жастардың қолында. «Ол бүгінгі кездесуде анық көрініп тұр. Мен біздің елде, біздің ауданда дарынды, талантты жастардың көп болғандығын мақтан тұтамын», деп атап өтті ол кездесу барысында. Оның айтуынша, биыл ауданнан 2156 түлек мектеп бітіріп шығады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ауданда іске асып отырған осындай бағыттағы бірінші кездесу