Ауданда тұрып, қалада есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті

ОРАЛ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп Орал қаласы маңындағы Желаев жолы бойында Зеленов ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Аталмыш басқарма бастығы Андрей Хлевиннің айтуынша, бұл азамат Зеленов ауданында тұрса да, Орал қаласында есірткі сатумен айналысқан. Ол бір ай бойы бақылауда болған. Ұсталған кезде күдіктіден 5 грамм гашиш тәркіленген. Тағы үш грамы оның гаражынан табылған.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.