деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халыққа қызмет көрсету» мемлекеттік мекемесі Қарасай аудандық филиалының операциялық зал бастығының орынбасары Альбина Сәлібекованың айтуынша, осы жылдың басында мекемеге тұрғылықты жерінің мекен-жайы туралы анықтама беретін мемлекеттік қызмет түрі берілген. Қызметтің бұл түрін бұрындары Алматы қаласындағы мекен-жай бюросы жүзеге асыратын. Бұдан былай аталған анықтама алу үшін Қарасай ауданының тұрғындары Алматыға сабылмайтын болды.
Сондай-ақ Қарасай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында келушілерге Тіркеу комитетіне телефон шалып, ҚР Әділет министрлігінен құқықтық көмек алуларына және өздерін толғандырған сауалдарға жауап алуларына жағдай жасалып, арнайы телефон орнатылған.