«Инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік бастамаларға аудандардың және елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте онлайн сауалнаманы да қолданған жөн», - деді Президент.
Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін күшейту керектігін айтты. Ол үшін мүліктік құқықты күшейтіп, ауылдық округтердің бюджет кірісін арттырған жөн.
Биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін Үкімет нормативтік базаны, осы маңызды проблеманы шешудің тетіктерін әзірлейді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажеттігін айтқан болатын.