ІІМ Кильмез аудандық бөлімінің хабарлауынша, журналистің зорлық белгілері бар мәйітін жергілікті полицейлер кеше, Суна кентінен бірнеше шақырым жердегі орман ішінен тапқан.
Оқиға орнында облыстық қылмыстық іздеу басқармасының тобы жұмыс істеуде.
Тергеу орындарының деректеріне қарағанда, Кощеева 10 маусым күні таңертең жұмысына кеткен. Содан бері оның қайда екендігін ешкім білмеген. Оны іздеу 11 маусымда басталған.