Сот материалдарына сәйкес, ағымдағы жылы ақпан айында мәдениет үйінің директоры өз кабинетіне қол астындағы қызметкерді шақырып, оған ауылды жерлерде мәдениет ұйымдастырушысы қызметін ұсынған. Бірақ ол үшін 70 000 мың теңге пара беруді талап етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандарды мәдениет үйінің директорын пара алу үстінде қолға түсірді.
«Сот кезінде мәдениет үйінің директоры өз кінәсін толығымен мойындады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алған парасының 50 еселенген көлемін, яғни 3, 5 млн теңгені төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, оған өмір бойы мемлекеттік қызметті атқаруға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - дейді аудандық соттың мамандары.