Аудандық маслихат депутаттығына үміткер жұмысшылармен кездесті
19:30, 06 Қаңтар 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық маслихатының депутаттығына үміткер Еңсепов Кәдірхан Төлемісұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарды «РЗА НАН» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.
Еңбек ұжымымен кездескен кандидат, «Nur Otan» партиясының 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, саяси науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады«-деді үміткер Кәдірхан Еңсепов.
Кәсіпорын ұжымы 10 қаңтарда өтетін саяси науқанға сәттілік тілеп, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.