Аудандық мүгедектер қоғамы қайырымдылық шарасын өткізді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ильясұлы/ - Бүгін Алматыдағы Әуезов аудандық мүгедектер қоғамы «Спутник» сауда орталығымен бірлесіп,

мүгедектерге арналған қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шара аясында ас беріліп, №1 балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен концерт ұйымдастырылды, сыйлықтар тапсырылды. Аталған шараны ұйымдастырған «Спутник» сауда-ойын сауық орталығының менеджері Айгерім Сердалинаның айтуынша, сауда орталығы өз жұмысын бүгінгі қайырымдылық шарасын өткізумен бастап отыр. Әуезов аудандық мүгедектер қоғамы Алматы қаласы бойынша құрамында 15 мыңнан астам мүшесі бар ең ірі орталық саналады. Олардың қатарында оралмандар, экологиялық және апатты аймақтардан келген мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.