Аудандық салық басқармасының бөлім бастығы пара алу үстінде ұсталды - Солтүстік Қазақстан

ПЕТРОПАВЛ.    Қыркүйектің  14-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -    Экономикалық қылмысқа және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес     жөніндегі  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті   облыс аудандарының бірінің

«Салық басқармасы» мемлекеттік  мекемесі аудит бөлімінің  бастығы  Т.  деген азаматқа қатысты  қылмыстық іс қозғады.

Қаржы  полициясы  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,  әлгі  шенеунік   жергілікті салықтар  мен  алымдардың    бюджетке   уақтылы  және толық түсуін тексеру  жөніндегі  мәселенің  оң  шешілуі  үшін   «Селолық округ   әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің  жетекші  қызметкерлерінен  1 мың АҚШ  долларын  алып тұрған  жерінде  ұсталды.  Шенеунік алдымен   уақытша оқшаулау абақтысына   жабылды,   кейін    Петропавл сотының   шешімімен    оған  қамауға  алу      жазасы  тағайындалды. Қазір  аталмыш  факті  бойынша  тергеу амалы  жүргізілуде.