Аударыспақтан қазақстандық үш спортшы финалға өтті

Фото: Фото: Дәулет Ізтілеу

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан жарыс өтіп жатыр. Этноауылда өтіп жатқан дүбірлі доданы көруге жиналғандардың қарасы көп. 

Аударыспақ ойындарына 9 елден 64 ойыншы қатысуда. Оның қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар. 

Фото: Дәулет Ізтілеу

«Түстен кейін өтетін ақтық сынға Қазақстаннан үш спортшы жолдама алды. Олар – Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі) және Дарын Өткелбай (80 келі). Жалпы аударыспақ бойынша қазақ және қырғыз командасы мықты саналады», - деді аударыспақ спортынан Қазақстан құрамасының бас баспкері Жанбатыр Бимұсаев. 

Айта кетейік, бүгін 9 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 7 спорт түрінен сынға түсіп жатыр. 

Бұған дейін көкпардан алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салғанын хабарлаған едік.