Аударыспақтан ашық Азия чемпионаты өтеді
22:24, 05 Маусым 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-маусымда Астана қаласында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен аударыспақтан ашық Азия чемпионаты өткізілмек, деп жазады KAZsport.
Айтулы додаға Еуропа мен Азиядан 10 елдің командасы қатысады. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлаған.
Олар: Ауғанстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғыз, Қытай, Моңғолия, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, РФ Алтай Республикасы.
Қазақстан атынан шығатын негізгі үміткерлер: Е.Жапишев, Е.Байғонов (70 келіде), С.Ізбасаров, М.Аринов (90 келіде), Б.Қосалиев, М.Тамикенов (90 келіден жоғары салмақта).
Жарыс 15-маусым күні сағат 11.00-де «Қазанат» атшабарында өтеді.