«Медиақоғамдастық үшін маңызды міндеттің бірі – аудиториясын функционалды сауаттылыққа үйрету. Себебі, ақпарат құралдары көбейген қазіргі уақытта жалған ақпараттардың көбею қаупі да бар. Мысалы, бүгінде түрлі сайттарда фишингтерді көреміз. Фейктер – одан да қауіпті. Бұларға бейжай қарауға болмайды. Осыған орай, аудиторияны функционалды сауаттылыққа қалай үйретуді ойлағанымыз дұрыс. Себебі, бұл қоғамға төнген үлкен қауіп», - деді Александр Данилов.
Ол сондай-ақ медиа мен PR-мамандарды ықпалдастықта жұмыс істеуге шақырды.
«Қазақстандық медианы бизнеспен теңеуге болмайды. Себебі, онда тиімсіз жобалар көп. Қазіргі уақытта адамдар медиадан гөрі PR-ға барып, жақсы табыс тауып, жақсы өмір сүре алады. Сондықтан бізге коллаборация қажет. Яғни, қазір бізге мықты мамандармен бірге жұмыс жасағанымыз дұрыс», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
Еске салайық, Алматыда І Креативті индустриялар апталығы өтуде.