НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық тексеріс 154 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бюджет қаражатының жұмсалуы тұрақты бақылауда. Есепті кезеңде аудиторлық шаралардың қорытындысымен 154 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді ол.
Министр дерегінше, оның 140 млрд теңгесі аудит барысында қалпына келтірілген.
«Жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде 465 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарға жол берілмеді», - деді Әлихан Смайылов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.