DV 760 рейсі «Көкшетау-Алматы» бағытымен ұшты. Ұшақ оңтүстік астананың әуежайына сағат 12:50-де қонуы тиіс еді. 50 орындық кеменің ішінде 16 жолаушы, соның ішінде Әзірбайжанның азаматы болып табылатын 2 жасар бала, сондай-ақ экипаждың бес мүшесі болды.
Екі сағаттық тосудан кейін ұшақтың құлаған орнына құтқарушылар жіберілді. Олар әуе апатында қаза тапқандардың мүрделерін тақтайшалармен белгіледі. Бұл сәтке дейін сарапшылар мен тергеу-жедел тобы жұмыс істеді.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөзден хабарлағандай, 12 адамның мүрдесі ғана бүтін күйінде табылды, қалғандардың бөліктері сәйкестендіру өткізу үшін жиналады. Бұл үшін геномдық сараптама жасалуы мүмкін.