Әуе компаниялар электронды темекі өткізуге тыйым салуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ азаматтық авиациясы бойынша федералдық басқармасы тасымалдаушыларға жолжүкте электронды темекіні тасымалдаудың қаупі бар екені туралы ескерту жолдады, деп хабарлады РБК.

Жолжүк бөлімшесі қатты қызатындықтан, мұндай темекінің тұтанып кетуі мүмкін. Ондай жағдайда өрт шығуы да ықтимал.

Ведомствода атап өткендей, мұндай оқиғалар тіркелген. «Агенттік әуе компанияларға бұл ақпаратты жолаушыларға веб-сайттар, баспасөз хабарламалары арқылы, билетті сатып алған кезде, тіркеу кезінде немесе әуежайға келген бетте хабарлауға кеңес береді», - делінген хабарламада.