деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әуе компаниялары билет құнының 50-60 пайызын керосин бағасы құрайды деп мәлімдеуде.Алайда бұл шындыққа сай келмейді. Бұл көрсеткіш 20 пайыздан сәл астам болуы мүмкін», дейді Павлодар мұнайхимиясы зауытының Бас директоры Шухрат Данбай. Оның айтуынша, әуе компаниялары табысының елеулі бөлігін жанар-жағармайдың есебінен табады. Оның айтуынша, былтыр ресейлік авиакеросиннің импорты 143 мың тоннадан 73 мың тоннаға дейін азайды. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытында өнімнің бұл түрін өндіру біршама артуының арқасында жүзеге асты. Былтыр отандық мұнай өңдеу зауыттары авиакеросин экспортын 4-тен 49 мың тоннаға дейін ұлғайтты.