Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.
— Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі және ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Мәлім болғанындай, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.
Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады.
Айта кетсек, жуырда «Медеу» аумағында әуеге көтерілген тікұшақ адамдарға қауіп төндірген еді. «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі осыған қатысты ресми түсініктеме берді.