Әуе қорғанысы күштерінде парашюттік көпсайыстан чемпионат басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында ҚР Қаулы Күштерінде Парашюттік дайындық орталығының базасында парашюттік көпсайыстан ҚР Қарулы Күштерінің чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты Қарулы Күштерде әскери қолданбалы мәнге ие парашюттік спортты дамыту болып табылады. Сайыс ережелеріне сәйкес қатысушылар жеке және командалық есеппен дәл қону бойынша 900-1200 метр биіктіктен жеке және топтық секірулерді, 100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзіп, 3 мың метр қашықтыққа жеңіл атлетикалық кросс жүгіруілрі керек.

Парашютпен секіруді жүйелі түрде орындаумен байланысты қызметтің бір түрі әскери қызметшілер үшін аталмыш чемпионат бұл өзінің біліктілігін растау және арттыру үшін керемет мүмкіндік, ал спортшылар үшін спорттық атақтар мен разрядтар беру үшін біліктілік нормативтерін орындау болып табылады.