Әуе қорғанысы күштерінің 25 пайызы әйелдер (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде әйел әскери қызметшілер Қазақстанның әуе шептерін күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік кезекшілікке түседі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасының мәлімдеуінше, олар әскери істің кәсіпқойлары және бейбіт уақытта әрі ауа райына қарамастан шекараның қашықтығы 12,2 мың шақырымдағы еліміздің әуе кеңістігін күзету жөніндегі жауынгерлік кезекшілікте тұратын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің міндеттерін лайықты түрде орындайды.

«Армияда әйелдерді еркіне жіберу және жеңілдік жасау деген ұғым жоқ. Барлығымыз ең алдымен, әскери қызметшіміз және тиісті деңгейде болуға тырысамыз, Қазақстан Қарулы Күштерінің өзге де әскер тектерінің алдындағыдай әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің алдында өздерінің ерекше тапсырмалары тұр және олардың орындалуындағы біздің кәсіпқойлығымыздан көп нәрсе байланысты», - деп атап өтті келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Дина Түсіпова.

Жалпы алғанда, Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінде әйел әскери қызметшілер диспетчерлік қызметке, медицина мен байланысқа тартылғанын айта кеткен жөн. Бүгінде аталған әскер түрінің бөлімдері мен құрамаларында әскери қызметшілердің жалпы санының 25 пайызын әйелдер құрайды. Олардың ҚР ҚК ӘҚК әскерлеріндегі әскери еңбек өтілі 15-20 жылдан астам және жүздеген жауынгерлік кезекшілікті өткерген.