Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы жеке құрам үшін салынып жатқан тұрғын үй нысанының құрылысымен және әскери бөлімдердің инфрақұрылымын аралап көрді.
Жаңаөзендегі әскери бөлімде болған әскер түрінің бас қолбасшысы бөлімнің тұрмысымен, жауынгерлік қызметімен, жауынгерлік кезекшілікті жүргізу және әскери тәртіптің жағдайымен танысты.
- Бөлімнің жауапты тұлғалары мен офицерлері әскерге дейінгі жастармен тұрақты түрде сабақтар өткізіп тұрады. Қарулы Күштердің оң беделін қалыптастыруға барынша көңіл бөліп келеміз. Соңғы уақытта көптеген жастарымыз өз өмірін армиямен байланыстырғысы келеді. Алайда, Отанымыздың әуе шебін қорғаушыларыларға қойылар талап күшті, - дейді 51809 әскери бөлімінің командирі полковник Жасұлан Берниязов.