Сондай-ақ, бір уақыттағы кешенді тексеріс ӘҚК-нің бірнеше әскери бөлімдерінде жүргізілді.
"Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен жұмыс жасаған комиссия бригаданың қолбасшылығы мен лауазымды адамдарын және жекелеген радиолокациялық роталардың командирлерін тыңдады, ӘҚК-нің бөлімдерін тыныс-тіршілік үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілу проблемалары бойынша әңгіме жүргізді", делінген хабарламада.
Жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, оқу-материалдық базаны және жеке құрамның жасақталуын тексерді. Бұл ретте ерекше назар әскерлер қызметіне, бригаданың зениттік-зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелердің жауынгерлік кезекшілігінің ұйымдастырылуы мен атқарылуына аударылды.
Сонымен қатар, комиссиямен жеке құрамның құқықтық тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайы мен әскери тәртіптілігін ұстап тұру жөнінде командирлердің тәрбие жұмысы мен қызметіне баға берілді.
Сапар барысында авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына барып, курсанттармен әңгіме өткізді.
Тексеру аяқталғаннан кейін ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне қажетті көмек көрсетілді.