«Осы жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін 72 сағаттан артық емес уақытта ПТР әдісімен COVID-19-ға арналған тест өткені туралы анықтама болуы керек. Айта кетерлігі, 5 жасқа дейінгі балалар ПТР сараптама анықтамасынан босатылады. Осыған орай шетелге барып келуді жоспарланған немесе қазіргі уақытта шетелде жүрген қазақстандықтар осы талапты ескеруі қажет», - деді Садуақас Байғабылов.
13:47, 22 Қазан 2020
Әуе рейстерімен келетін қазақстандықтарға қосымша шектеулер енгізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов халықаралық әуе рейстеріне қосымша енгізілетін карантиндік шектеулерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.