АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аризона штатының әуе кеңістігінде Piper PA-28 Cherokee және Cessna шағын ұшақтары соқтығысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты.
Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап РБК хабарлады.
Журналистердің мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға Феникс қаласының солтүстігінде орын алған. Екі шағын ұшақ та қалалық авиация мектебінің иелігінде болған. Тергеу амалдарының мүддесіне орай қаза тапқан адамдардың аты-жөндері әзірше жария етілмей отыр. Сонымен қатар ұшақтардың соқтығысу себептері анықталу үстінде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.